Жыл сайын бүкіл әлем бойынша миллиондаған кино жанкүйерлері «Один дома» рождестволық комедиясын көреді. Бұл көпшілік жатқа білетін фильмдердің бірі. Қанша қайталап көрсеңіз де үлкен ләззат пен жақсы көңіл-күйдің тұрақты дозасын ала аласыз. Ал бұл сиқырлы фильм қалай жасалғанын білесіз бе? Крис Колумбтың фильмі қандай рекордтарды жаңартты? Бүгін біз 90-шы жылдардың басында тарихтың қалай жасалғаны туралы сөйлесеміз.

Жаңа жыл қарсаңында: «Один дома» культі қалай түсірілді
«Один дома» фильмінен кадр

«Один дома» тарихы дарынды режиссер, сценарист және продюсер Джон Хьюз отбасылық комедия түсіруді шешкен кезде басталды. Хьюз кішкентай дарынды актер Маколей Калкинмен бірге «Дядюшка Бак» фильмінде жұмыс істегеннен кейін, талантты баланы жаңа жобаға түсіргісі келді. Бұл қадам тәуекелді болды, өйткені ол кезде студиялар Арнольд Шварцнеггер немесе Сильвестр Сталлоне сияқты үлкен жұлдыздарға бәс тіккен.

Джон Хьюз «Один дома» фильмін түсіруді жас режиссер Крис Колумбқа ұсынды. Джон Хьюз «Рождестволық демалыс» комедиясының түсірілім алаңындағы жанжалдан кейін жас режиссермен жұмыс істегісі келді, алайда ол Чеви Чейзмен жанжалдасып, жобадан шығып қалды. Хьюз «Один дома» фильмін ешкімге ұқсатпай түсіре алатын жалғыз режиссер Крис екеніне сенімді болды.

Жаңа жыл қарсаңында: «Один дома» культі қалай түсірілді

Олар бірлесіп ценарийді бірнеше рет қарап шыққаннан кейін жобаны Warner Bros-қа ұсыну туралы шешім қабылдады. Бастықтар Хьюз мен Колумбтың идеясына салқын жауап берді. Басты рөлді бала сомдайтын фильм тиімсіз болып көрінді. Нәтижесінде 10 миллион доллар бюджетке команда құра алса ғана рұқсат етіледі деген шешім қабылданды. Бұл бір қарағанда жақсы қаражат болып көрінгенімен, 80-жылдардың соңындағы фильмдер үшін бұл өте қарапайым бюджет еді. Салыстыру үшін: «Индиана Джонс 3» — 48 миллион, ал «Болашаққа оралу» — 40 миллион доллар бюджетке түсірілді. Салыстырмалы түрде ең арзан фильмдердің бірі Том Хэнкстің қатысуымен түсірілген «Большой» фильміне 18 миллион доллар инвестицияланған. Сондықтан Хьюз бен оның командасының алдында өте қиын жұмыс тұрды.

Студия рұқсат еткеннен кейін кастинг жарияланып, актерларды іздеу басталды. Фильмді түсіретін McCallister үйі тез табылды, бірақ үйдің ішінде қалай түсіру керек екені әлі белгісіз еді. Түсірілім алаңындағы тым көп адамдар және техникалық құрал-жабдықтар үлкен, ал үй ауқымды көлеміне қарамастан, өндірістік мақсаттар үшін тар болды. Содан кейін Чикаго маңындағы қараусыз қалған Жаңа Триер мектебінің ғимаратын пайдалану туралы шешім қабылданды. Дәл сол жерде МакКаллистер үйінің барлық декорациялары үлкен спорт залында салынды, ал бассейн бөлмесінде жертөле болған су басқан көрінісі түсірілген. Мектептің орналасқан жері керемет сәтті және түсірілімге қолайлы болып шықты. Сондай-ақ, «Один дома» фильміндегі барлық декорациялар мен кейіпкерлердің киімдері Рождестволық қызыл және жасыл түстермен безендірілгенін, тіпті Кевиннің үйіндегі телефонның жасыл болғанын байқау қиын емес.

Бұл жерде Колумбтың Рождествоға деген сүйіспеншілігі үлкен рөл атқарды. Соның арқасында фильмде аты аңызға айналған композитор Джон Уильямстың музыкасы таңдалды. «Один дома» фильмінің түсірілімі бүкіл команданың ғажайыпқа, сиқырға деген сенімінің арқасында өтті. Мысалы, фильмнің соңында шынымен де қар жауып, команда үшін үлкен тосын сый болды.

Жаңа жыл қарсаңында: «Один дома» культі қалай түсірілді

Сценарий бастапқыда Маколей Калкин үшін жазылған, сондықтан Кевин рөліне кастинг болған жоқ. Джо Песчи де жобаға тез қосылды, дегенмен олар біраз уақыттан бері қарақшылардың бірінің рөлін ойнауға Джон Ловицті немесе Роберт Де Нироны шақыруды жоспарлаған. Бірақ Марвты сомдаған Дэниел Стерн алғашында рөлге келіскенімен кейін жоспарланғаннан көп сағат жұмыс істеу керек екенін біліп, төлемақыны көбейткісі келді, болмаған соң рөлден бас тартты. Содан кейін актер Дэниел Робак Песчидің серіктесі ретінде қабылданды. Бірнеше күндік түсірілімнен кейін ғана Крис Колумб актерлер арасында химия болмағанын мойындап, Стернді фильмге қайта түсуге көндіруді өтінді. Актер Netflix деректі жобасына берген сұхбатында кейінірек Марв рөлінен бас тартып, өміріндегі ең үлкен қателіктердің бірін жасай жаздағанын еске алды және екінші рет шақырылғанына өте қуанышты болғанын жасырмады.

Джо Песчи ол кезде «Мартин Скорсезе» фильмдерінің жұлдызы, үлкен актер болды. Оған отбасылық комедиядағы рөлі оңайға соқпады. Песчи түсірілім кезінде үнемі балағат сөздер айтқысы келді, алайды кішкентай көрермендер үшін ол мүмкін емес еді. Белгілі бір уақытта актер жас цензурасынан өткен өзінің балағаттау тілін ойлап тапты. Бұл оның кейіпкеріне ерекше бояу қосты. Сілтемеге өтіп, сол кадрды көре аласыздар.

Сонымен қатар, Джо Песчи командаға көп қиындық тудырды. Песчи өзін қоңыраулармен мазаламауды талап етіп, директордың көмекшісімен ұрысып қалды, тіпті бірде гольф ойнап жүргенде өзін мазалағаны үшін продюсерлердің кеңсесіне айғайлап барған. Бірақ соңында Песчиге ешкім ренжіген жоқ, түсірілімнен кейін барлығы дос болып қала берді.

1993 жылғы Рождество қарсаңында «Один дома» фильмін жасаушылар Warner Bros берген соңғы бюджет 10 миллион доллар 14,7 миллионға дейін өсіп кетеді. Айырмашылық соншалықты маңызды емес еді, бірақ студия қосымша қаржыландырудан бас тартып, жобаны тоқтату туралы шешім қабылдады. Осы уақытта Хьюздың бұрыннан таныстары — Джо Рот пен Том Джейкобсонмен кездесті. Олар фильмге қатысты проблемалар туралы естіп, тәуекелге баруға шешім қабылдады және фильмге инвестиция салды.

Жаңа жыл қарсаңында: «Один дома» культі қалай түсірілді

Нәтижесінде, «Один дома» тек Америка Құрама Штаттарында 280 миллион доллардан астам табыс тапты. Ол кезде мұндай үлкен көрсеткішке тек екі фильм ғана жетті («Звездные войны» и «Инопланетянин» фильмдері). Дүниежүзілік кассада «Один дома» табысы 500 миллионға жақындады. Фильм кинотеатрларда алғыс айту күніне орай «Рокки» фильмінің бесінші бөлімімен қатар көрсетілді. Продюсерлер «Рокки» басты касса жинайтынына сенімді болды, алайда «Один дома» 17 миллион доллар тапты. Ал «Рокки» фильмінен түскен кассалық табыс 8 миллион долларды құрады. Фильм бірнеше апта бойы кассада бірінші орында тұрып, Warner Bros шынтағын тістеп қалды.

Таңғажайып кассалық кірістері мен көрермендердің үлкен ағынымен қоса, «Один дома» отбасылық түрлі комедиялық фильмдердің түсірілуіне бастама болды. Крис Колумбус үнемі құлайтын немесе ұшатын кейіпкерлері бар мультфильмдерден шабыттанды.

1994 жылдары CGI қолдану дамымаған кезеңдер болды, сондықтан Джо Песчи мен Дэниэл Стерн үшін дублерлер керемет жұмыс атқарды. Олардың тепе-теңдікті жоғалтып, шын мәнінде бөкселері немесе арқаларын сындырмайтынына ешкім кепіл емес еді. Каскадер Трой Браунның «ұшқан» сәті шебер орындалғаны сонша, ол бүкіл каскадер индустриясына үлкен әсер етті. Енді ауада ілулі тұрып, ұзақ құлау «Один дома» деген атқа ие болды.

Жаңа жыл қарсаңында: «Один дома» культі қалай түсірілді

«Один дома» фильмінің керемет жетістігі Колумбус пен оның актерлеріне киноиндустриядағы ең көп ізденетін адамдар рейтингінің жоғарғы сатыларын алуға көмектесті. 2009 жылы қайтыс болған Джон Хьюздің режиссер Крис пен бұл жобаға шынайы сенуі тегін емес еді. Колумб кейінірек «Миссис Даутфайр» және «Гарри Поттер» туралы алғашқы хиттерге режиссер болды. Маколей Калкин халықаралық актер атанды және жақында Голливуд Даңқ аллеясында өз жұлдызын алды. Ал «Один дома» фильмі жыл сайын қосқыңыз келетін, Рождестволық шамдарды жағып, ыстық шай ішіп көретін нағыз ғажайыпқа толы отбасылық фильмге айналды.

Поделиться: