«Қарақұдықмұнай» ЖШС қызметкерлері үндеу жасады.

Жалақыны көтерсін! Маңғыстаулық мұнайшылар ереуілге дайындалуда
Фото: ашық дереккөзден

Қызметкерлер ереуілге шығу ниеті туралы хабарлама қалдырды.

«Қытайлық «Қарақұдықмұнай» компаниясының басшылығы жұмысшылардың барлық талаптарын елемей, сот пен еңбек инспекциясының шешімдерін орындамай отыр. Осыған байланысты біз 2024 жылдың 6 мамырында таңғы сағат 7:00-ден бастап ереуілді бастауға ниетті екенімізді мәлімдейміз. Осы уақытқа дейін талаптарымыз орындалмаса, ереуілге шығамыз», — делінген жұмысшылардың үндеуінде.

Ереуілге сексеннен астам жұмысшы қатысуы мүмкін екені хабарланды.

Өтініш 30 сәуірде компанияның Маңғыстау облысындағы Қарақұдық кен орнында тіркелген.

2022 жылы «Қарақұдықмұнай» ЖШС-нің жұмысшылары жалақыны 100 мың теңгеге көтеруді талап етіп видео хабарлама түсірген.

Поделиться: